Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болды

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде ресейлік «Росатом» компаниясы таңдалды. Бұл шешімді Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Assystem (Франция) компаниясымен бірлесіп жүргізген кешенді сараптама нәтижесінде қабылдады.
Бәсекелестікке қатысқан жетекші компаниялар – «China National Nuclear Corporation» (Қытай), «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея) ұсыныстарын ұсынды. Екінші орын Қытай компаниясына, үшінші орын Франция мен Оңтүстік Корея компанияларына бұйырды.
Бағалау кезінде жобаның қауіпсіздігі, қаржыландыру, кадр даярлау, технологиялық шешімдер және әлеуметтік міндеттемелер сияқты бірнеше критерий ескерілді. Қазіргі уақытта «Росатом» ұсынған жобаға сәйкес Ресей тарапынан экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Қазақстан шетелдік серіктестерімен АЭС құрылысына арналған тиімді консорциумды қалыптастыру жұмыстарын жалғастырады.
Фото: freepik.com

Ең көп оқылған
