freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші, ағайын": Досхан Жолжақсыновқа қатысты қуанышты хабар тарады

Қоғам •
"Сүйінші, ағайын": Досхан Жолжақсыновқа қатысты қуанышты хабар тарады
Досхан Жолжақсынов. Фото: ашық дереккөзден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның халық артисі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновты 75 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауында өнер иесінің қазақ мәдениетін дамытуға қосқан үлесін және көп жылғы шығармашылық еңбегін атап өткен.

"Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз", – делінген Президенттің құттықтауында.

Досхан Жолжақсынов шығармашылық жолында театр сахнасы мен кино өнерінде көптеген образды сомдап, көрерменге кеңінен танылды. Өнер иесі режиссер ретінде де бірқатар туынды түсіріп, қазақстандық кинематографияның дамуына үлес қосты.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және шығармашылық табыс тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу