freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жуынатын бөлмеде құлады": енесі келінін өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінді

Оқиға •
"Жуынатын бөлмеде құлады": енесі келінін өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінді
Фото: ЖИ арқылы жасалған

65 жастағы әйел келінін өлтіруді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Полицияның мәліметінше, ол үй қызметшісі мен оның отбасына қылмыс үшін 300 мың рупий төлеген. Кейін марқұмның өлімін жазатайым оқиға ретінде көрсетуге тырысқан, деп Malim.kz тілшісі NDTV басылымына⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым бұл оқиға туралы 2026 жылғы 20 тамызда жазған. Қаза тапқан келіннің әкесіне түн ортасында хабарласып, қызының жуынатын бөлмеде құлап, басын жарақаттағанын айтқан. Ауруханаға жеткенде дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған.

Алайда қызының денесіндегі жарақаттар әкесіне күдік туғызған. Ол полицияға арыз түсірген. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, енесі келінінің бұған дейін отбасы мүшелерінің үстінен тұрмыстық зорлық туралы шағым түсіргеніне ашуланған. Сол себепті оны өлтіруге төрт адамды жалдаған деген күдік бар.

NDTV мәліметінше, отбасы бұрын Сапнадан кешірім сұрап, енді қысым көрсетпейтініне уәде берген. Бірақ кейін әйел қаза тапқан.

Материал жарияланған кезде енесі, үй қызметшісі және оның отбасының үш мүшесі – барлығы бес адам ұсталған. 

Оқиға Үндістанның Мумбай қаласында болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу