freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынады: жаңа талап қашан күшіне енеді?

Оқиға •
15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынады: жаңа талап қашан күшіне енеді?
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа шектеулер енгізілмек. Енді 15 жасқа толмаған жасөспірімдер әлеуметтік желілерде жеке парақша аша алмайды. Ал жасы үлкен балалардың интернеттегі белсенділігі арнайы бақылауға алынады, деп Malim.kz тілшісі, Anadolu агенттігіне⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережеге сәйкес, әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын міндетті түрде тексеруі керек. Егер баланың 15 жасқа толмағаны анықталса, оған аккаунт ашуға рұқсат берілмейді. Бұған дейін тіркелген балалардың парақшалары да тексеріліп, талапқа сәйкес келмейтін аккаунттар жабылады.

Бұл өзгеріс балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан, кибербуллингтен және әлеуметтік желіге шамадан тыс тәуелділіктен қорғауға бағытталған.

Балалардың әлеуметтік желідегі парақшаларына қандай шектеу қойылады?

Жаңа тәртіп тек 15 жасқа толмаған балаларға ғана қатысты емес. Әлеуметтік желі қолдануға рұқсат етілген кәмелетке толмағандарға да бірқатар шектеу қарастырылған.

Атап айтқанда, олардың аккаунттары автоматты түрде жабық режимге көшіріледі. Балалар тікелей эфир жүргізе алмайды және оларға жеке қызығушылығына қарай бағытталған жарнамалар көрсетілмейді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге тек өздері жазылған аккаунттардан хабарлама келуіне мүмкіндік беріледі. Өзге пайдаланушылар олардың жазылушылары мен кімдерге жазылғанын көре алмайды.

Балаларды экран алдында ұзақ уақыт ұстап отыруға бағытталған контентті шексіз айналдыру мүмкіндігіне де шектеу қойылады.

Ата-аналар баласының телефонын бақылай ала ма?

Жаңа талап бойынша әлеуметтік желі компаниялары ата-аналарға арналған арнайы бақылау құралдарын ұсынуға міндеттеледі.

Бұл мүмкіндік арқылы ата-аналар баласының әлеуметтік желідегі аккаунт баптауларын өзгертіп, интернетте өткізетін уақытын шектей алады. Сондай-ақ ақылы қызметтер мен онлайн сатып алуларға рұқсат беру немесе тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған.

Мұндай шаралар балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін күшейтіп, ата-аналардың бақылауын арттыруға бағытталған.

Жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Ресми мәліметке сәйкес, жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Ал әлеуметтік желілерде бұрыннан тіркелген пайдаланушылардың жасын тексеру жұмыстары 2027 жылғы 31 наурызға дейін аяқталуы тиіс.

Пайдаланушылардың жасын растау үшін электрондық мемлекеттік қызметтер жүйесі қолданылмақ. Бұл ретте жеке деректердің қорғалуына ерекше назар аударылады.

Айта кетейік, бұл талап балаларға смартфон ұстауға толық тыйым салуды білдірмейді. Негізгі шектеу әлеуметтік желілерге тіркелу мен оларды пайдалануға қатысты.

Бұл шешім қай елде қабылданды?

Балалардың әлеуметтік желі қолдануына қатысты осындай қатаң шектеулер Түркияда енгізіліп жатыр.

2026 жылғы 10 қазанда елдің ресми басылымында балалардың әлеуметтік желіге қол жеткізу тәртібін реттейтін жаңа ереже жарияланды.

Бұған дейін Түркия билігі мектептерде сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға шектеу енгізген болатын. 2026-2027 оқу жылында да бұл талап сақталады. Оқушылардың сыныпта телефон ұстауына жол берілмейді, ал мұғалімдерге сабақ барысында жеке телефондарын пайдаланбау тапсырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу