freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ақшаңды бер, айналайын": Бағлан Әбдірайымов бұрынғы достарына ренішін айтты

Шоу-бизнес •
"Ақшаңды бер, айналайын": Бағлан Әбдірайымов бұрынғы достарына ренішін айтты
Фото-коллаж: malim.kz

Әнші Бағлан Әбдірайымов кезінде араласқан кейбір таныстарының кейін өзінен алыстап кеткенін айтып, өнер адамының еңбегі лайықты бағалануы керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, шығармашылыққа қайта оралғаннан кейін кейбір таныстары оны концерттер мен түрлі іс-шараларға шақырып, қолдау көрсетуді сұрай бастаған. Алайда әнші бұрын өзі қолдау білдірген адамдардың қажет кезде жанынан табылмағанына қынжылған.

"Баяғыда менсіз түскі ас ішпейтін бауырлар болған. Талай километрді артқа тастап, ауылдарына барып, сахна болса сахна, той болса тойына шығып, қызмет қылып жүретінбіз. Қайда сол балалар? Солардың біреуі жоқ қой. Оқырман жинап алды, танымалдығын арттырып алды. Кәсіптері өрге домалап кеткен. Сол уақытта біз жай ғана құрал болып қалдық", – деді әнші.

Бағлан Әбдірайымов мұндай жағдайлардан сабақ алғанын айтты. Оның пікірінше, әншінің сахнаға шығуының артында уақыт, еңбек және қаражат тұр. Сондықтан өнерпаздан үнемі тегін қызмет күтудің жөні жоқ.

"Ақшаңды бер, айналайын, бауырым. Бір-екі ән айтып, шашбауыңды көтере саламыз. Бір әннің өзі кемі 500 мың теңгеге жазылады. Әр нәрсенің бағасы, құны бар", – деді ол.

Бағлан Әбдірайымов кім?

Бағлан Әбдірайымов – қазақстандық эстрада әншісі, "Жігіттер" квартетінің мүшесі. Ол 1983 жылы қазіргі Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы елді мекенінде дүниеге келген. Көпшілікке квартет құрамындағы өнерімен және жеке орындауындағы әндерімен танылған.

"Жігіттер" квартетінде Ердос Қанаев, Айдар Байжанов және Мырзахан Махановпен бірге өнер көрсетеді. Ұжым 2003 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" халықаралық ән байқауында бас жүлде алып, үлкен сахнаға жол ашқан. Топтың репертуарында халық әндері мен қазақ композиторларының туындылары бар.

Бағланның жеке орындауындағы танымал шығармалардың бірі – "Бағала". Қыз ұзату тойларында жиі орындалатын бұл әннің әуенін сазгер Ғалия Шаудырбаева, сөзін ақын Серік Сейітман жазған. Ән оның жеке орындаушы ретінде де танылуына ықпал етті.

Әнші шығармашылықтан бөлек, көпшілікпен кездесулер өткізіп, өмірлік тәжірибесін бөліскен. Сұхбаттарында адамға жігер беру, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтар туралы ойларын айтып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу