freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ақырзаманға" 1 ай қалды ма: Ғалымдар болжамының шындығы

MALIMet •
"Ақырзаманға" 1 ай қалды ма: Ғалымдар болжамының шындығы
Фото: ЖИ арқылы жасалған

2026 жылғы 13 қарашаға дейін 34 күн қалды. Дәл осы күн 66 жыл бұрын Science журналында жарияланған ғылыми еңбектің тақырыбына арқау болған. Алайда оны адамзаттың жойылатын күні деп қабылдауға негіз жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

"Ақырзаман: жұма, 2026 жылғы 13 қараша" атты зерттеуді⁠ Хайнц фон Фёрстер, Патриция Мора және Лоуренс Амиот жазған. Авторлар шамамен екі мың жыл ішіндегі әлем халқының саны туралы деректерді талдап, математикалық модель құрастырған. 

Есептің басты шарты мынадай: халық саны бұрынғыдай үдей өссе, модельде оның мөлшері белгілі бір уақытта шексіздікке ұмтылады. Ғалымдардың теңдеуінде бұл шек 2026 жылдың қарашасына сәйкес келген.

Бірақ математикалық теңдеудегі "шексіздік" нақты өмірде адамдар саны шексіз көбейеді дегенді білдірмейді. Бұл – бұрынғы үрдісті болашаққа сол күйінде жалғастырғанда шығатын нәтиже. Оны нақты апаттың күні ретінде түсіндіру қате.

Түпнұсқада назар аударатын тағы бір жайт бар: есептелген уақыттың қателік шамасы ±5,5 жыл деп көрсетілген. Демек, тақырыптағы күннің өзі күнтізбелік дәлдікпен расталған болжам емес. Авторлар халық санының өсуін реттеу мәселесін де талқылаған. 

Ал қазіргі демографиялық болжамдар басқа көріністі көрсетеді. БҰҰ-ның 2024 жылғы есебіне⁠ сәйкес, әлем халқы 2024 жылғы 8,2 миллиардтан 2080-жылдардың ортасында шамамен 10,3 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Одан кейін біртіндеп азайып, ғасыр соңында 10,2 миллиардқа жуықтайды деп күтіледі. БҰҰ бұл өзгерісті көптеген елде туу көрсеткішінің төмендеуімен байланыстырады. 

Сондықтан 13 қарашада «ақырзаман болады» деген тұжырымды бұл зерттеу дәлелдемейді. Ғылыми еңбекте айтылғаны – белгілі бір шартқа тәуелді демографиялық есеп. Ал бүгінгі болжам бойынша, адамзат саны алдағы онжылдықтарда да өседі, бірақ шексіздікке ұмтылмайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу