Malim.kz
Қоғам

Қазақстанның батысындағы бірқатар облыста жол жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің батысындағы бірнеше облыста республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz “ҚазАвтоЖол” компаниясына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды. Өңірде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы аталған аймақтарда секундына 15–20 метрге жетіп, түнде екпіні кейде 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

9 наурыз, 19:00

Ауа райының нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін мына республикалық жол учаскелерінде қозғалыс шектелді.

Ақтөбе облысы:

— Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы тасжолының 104–337 шақырымы, Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін.

Батыс Қазақстан облысы:

— Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы жолының 393–526 шақырымы, Жымпиты кентінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін.

Атырау облысы:

— Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы жолының 337–346 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз кентіне дейін.

Жолды ашу болжамы — 2026 жылғы 10 наурыз сағат 09:00.

9 наурыз, 19:15

Ауа райының нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін тағы бірқатар учаскеде қозғалыс шектелді.

Ақтөбе облысы:

— РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы жолының 965–1240 шақырымы, Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін.

Қызылорда облысы:

— Осы жолдың 1240–1362 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін.

Жолды ашу болжамы — 10 наурыз сағат 09:00.

9 наурыз, 20:30

Жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген учаскелер:

Ақтөбе облысы:

— Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ тасжолының 5–234 шақырымы, Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін.

Қостанай облысы:

— Осы жолдың 234–385 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейін.

Жолды ашу болжамы — 10 наурыз сағат 09:00.

9 наурыз, 20:00

Ауа райының нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін:

— Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз жолының 3–92 шақырымы, Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін;

— Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз жолының 92–389 шақырымы, Ембі қаласынан Ырғыз ауылына дейін.

Жолды ашу болжамы — 10 наурыз сағат 09:00.

9 наурыз, 21:30

Ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін:

— РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы тасжолының 1362–1806 шақырымы, Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін.

Жолды ашу болжамы — 10 наурыз сағат 10:00.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары