Қазақстанның екі облысындағы тасжолдарда боранға байланысты шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауа райының нашарлауына – қар, боран және көрінудің төмендеуіне байланысты бірнеше республикалық тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында Астана – Көкшетау – Петропавл және Астана – Қарағанды – Алматы жолдарының кейбір учаскелерінде жылдамдық режимі 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетілді.
Сонымен қатар, сағат 10:30-дан бастап Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылды.
Ауа райы жақсарған жағдайда жолды 8 наурыз күні сағат 09:00 шамасында ашу жоспарланып отыр.