Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты 17 наурыз кешінен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Шектеулер төрт облысты қамтыды: Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда және Батыс Қазақстан. Кей жерлерде барлық көлік түріне, ал кей учаскелерде жүк және қоғамдық көліктерге ғана қозғалыс тоқтатылды. Жолдарды ашу 18 наурыз таңғы сағат 09:00-ге жоспарланған.
Қостанай облысы
17 наурыз сағат 19:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді:
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған (Тобыл – Октябрьское аралығы);
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Тобыл – Сарыкөл);
Қостанай – Мамлютка (Тобыл – Ұзынкөл).
Сондай-ақ барлық көлік үшін:
Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ (Бестөбе – Рудный).
Кейін сағат 21:00-де бірқатар жолдар толық жабылды.
Ақтөбе облысы
Сағат 19:00-де жүк және қоғамдық көліктер үшін:
РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Эко Ойл – Ырғыз);
РФ шекарасы (Құрманғазы) – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау (Қандыағаш – Қарауылкелді).
Сағат 21:30 және 22:00-де қосымша учаскелерде де шектеу қойылды.
Қызылорда облысы
Сағат 21:30-дан бастап:
Самара – Шымкент трассасының Ақтөбе облысымен шекарадан Арал қаласына дейінгі бөлігі жабылды (жүк және қоғамдық көлікке).
Батыс Қазақстан облысы
Сағат 22:00-де:
Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы) учаскесінде шектеу енгізілді.
Еске салайық, 18 наурызға елдің барлық өңірінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланған.