Malim.kz
Қоғам

ҚазТАГ бас редакторы үйқамаққа ауыстырылды

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Malim.kz агенттікке сілтеме жасап.

«Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органының қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Тергеу кезеңінде Қасенов Әмір үйқамақта болады. Біздің жұмысымыз жалғасып жатыр», – деді адвокат Дәулет Жұмағұлов.

Сот отырысына 5 ерікті адвокат қатысты.

Еске салсақ, 23 желтоқсанда Қасенов Астанада ұсталған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары