Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы салық төлеушілердің есебінен сыйлыққа Apple Watch смарт-сағатын сатып алмақ.
Бұл ақпарат мемлекеттік сатып-алу сайтында жарияланды.
Төмендегі суреттен көріп тұрғаныңыздай, тапсырыс беруші – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы. Сағатты 151 мың теңгеге сатып алу көзделген, бірақ оны кімге сыйлайтыны әлі белгісіз.
Аделаида Ауепекова