Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде министр Даурен Қосановтың атынан тараған мәлімдеменің видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл видео жалған. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты министрдің ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда.
"Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз",-деп жалыған министрлік хабарламасында.