Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындарына үндеу жасады

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, елорда аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.

2026 жылғы 28 мамырда Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында Астана үстінен истребительдердің көрсетілімдік ұшуы өтеді.

Осыған байланысты 24 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары жүргізіледі.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, ұшулар қауіпсіз биіктікте ұйымдастырылады және қала тұрғындарының күнделікті өміріне кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ ведомство уақытша қатты шу естілуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды.

Министрлік барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сай өтетінін және тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті. Ал түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек көрсетілім мақсатында жүргізіліп, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіні айтылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары