Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі Атырау аспанында ұшқан әскери ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: azh.kz

Әлеуметтік желіде Атырау қаласының үстінде айналып ұшқан әскери ұшақтың видеосы тарағаннан кейін Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл – Қазақстан Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі Су-30СМ жойғыш ұшағының жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы.

Министрлік мұндай жаттығулар ұшқыштардың кәсіби шеберлігін шыңдау және авиациялық техниканы қауіпсіз пайдалану мақсатында тұрақты түрде өткізілетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ведомство тұрғындарды алаңдамауға және тек ресми, тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары