Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Арман Қайыпхан
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 29 маусым мен 2 шілде аралығында еліміздің аумағында әскерлерді жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық оқу-жаттығулары өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу-жаттығуларға байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір жол учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуі ықтимал.

Министрлік тұрғындарды түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және уақытша енгізілетін шектеулерді ескеруге шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары