Malim.kz
Қоғам

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Айбын Атабай
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі., деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды. "Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары