Malim.kz
Әлем

Құрбандыққа адам шалынған болуы мүмкін. Жаңа деректер желіні дүрліктірді

Ереке Базарқұл
© axios.com

Астана, malim.kz. АҚШ Әділет министрлігі атышулы Эпштейннің ісіне қатысты материалдар легін жариялап тастады. Мәтіндерге қоса, 2 мың бейнежазба мен 180 мың фото паш етілді. Министрлік қолда бар материалдардың кешеуілдеп жариялануын ондағы құрбандардың есімін жасыруға уақыт керек болғанымен түсіндірді. Бұдан бұрын демократтар министрлікті Эпштейн ісін Трамптың қылмысын жасыру үшін жарияламай отыр деп айыптаған болатын.

Мұндай орасан мәліметті шолып, қорытуға әлеуметтік желідегілер де кірісіп кетті. Бұрын байқалмай келген масқаралар мен құйтырқы мәліметтер күн сайын жарияланып жатыр. Файлдарда есімінен ат үркитін қайраткерлер, бизнесмендер, президенттердің аты аталған.


ЖАҚЫНДА KASPI ЖҰМА БАСТАЛАДЫ!


Желі қолданушыларының назарына ерекше ілінген - каннибализм яки кісі жеу сюжеті бар оқиға.

2009 жылдың тамызында Мексиканың бір қаласында Габриэла Рико Хименес телеарнаға сұхбат береді. Габриэла өз сұхбатында әлдекімдер өзін 2001 жылдан бастап қамауда ұстағанын айтып, бірнеше әйгілі есімдерді атайды. Атаған есімдерінің ішінде бірнеше рет әлемдегі ең бай адам болып танылған мексикалық Карлос Слим де бар. Габриэла бір кезде:

- Олар адам етін жеді! Жүрегім айниды! Олар адам етін жеді! Мен оны білмедім ғой. Бірақ олар адам жеді! Адам деймін! Олар адам етімен сасып тұрды! -

деп шыңғырып жібереді.

Енді, қазір әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары бұл оқиғаның Эпштейн ісімен байланысы барын алға тартып отыр.

Джеффри Эпштейн - америкалық қылмыскер. Ол байлар мен саяси қайраткерлер, сахна жұлдыздары мен басқа да беделді адамдардың басын қосатын VIP-кештер ұйымдастырып, заңға томпақ қызметтер ұсынуымен аты шыққан. Құқық қорғау органдарының көзіне алғаш рет 2005 жылдары түссе де, тек 2019 жылы тұтқындалды. Сол жылы түрмеде өлі табылды.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары