Әнші Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әулетіне немере келіп, ата атанғанын хабарлады, деп жазады Malim.kz.
Бауыржан Есмахан бұл сәтті анасының ақ батасымен байланыстырған. Оның сөзінше, анасы немерелерінің қызығын көріп, қолынан май жеп отыруын тілеген.
Сондай-ақ ол немересінің дүниеге келген күні өзінің көп жылдан бері араласатын досы әрі құдасы Бердияр қажының туған күнімен тұспа-тұс келгенін ерекше сәйкестік ретінде атап өтті.
Бауыржан Есмахан жас ата-аналарды құттықтап, сәбиге ақ тілегін арнады.
"Дінмұхаммед, Айшабибі, әке-ана болдыңдар, құтты болсын, береке дарысын", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол жаңа туған сәбиге арнап жүрекжарды тілегін жеткізді.
"Бұл әдемі кітаптың кіріспе парақшасы. Парақтары көп, жазатын сендер. Іші бақытқа, шаттыққа, Алланың сыйына толы болсын", – деді Бауыржан Есмахан.
Еске сала кетейік, Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа паспорттары мен Еуропаға алған визасы туралы айтқан еді.
Ерке Есмахан кім?
Ерке Есмахан – қазақстандық әнші, эстрада өкілі. Ол көпшілікке лирикалық әндерімен және жеке шығармашылығымен танылған.
Әнші музыкалық мансабын топ құрамында бастап, кейін жеке орындаушы ретінде кеңінен танылды. Оның репертуарындағы бірқатар әндер тыңдарман арасында танымал болды.
Ерке Есмахан әлеуметтік желіде де белсенді. Ол шығармашылығы, отбасы және күнделікті өміріне қатысты жаңалықтарымен жиі бөлісіп отырады.
Өнер иесі әнші Raim-мен отбасын құрған. Ерлі-зайыптылардың ортақ балалары бар.
Бүгінде Ерке Есмахан қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі ретінде шығармашылығын жалғастырып келеді.