Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа паспорттары мен Еуропаға алған визасы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесінің сөзінше, олар Еуропаға виза рәсімдеп, бұл жолы мультивиза алған.
"Ура, біздің паспорттарымыз келді. Еуропаға визаға тапсырған едік. Осы жолы бізге мультивиза берді, “Еуропаға көп барасыңдар” деп", – деді әнші.
Ерке Есмаханның айтуынша, визаға қайта өтініш беруге күйеуінің бұрынғы паспорты себеп болған. Оның беттері толып қалғандықтан, жаңа паспорт рәсімдеуге тура келген.
"Күйеуімнің ескі паспортының беттері бітіп қалды. Саяхатшы. Сол үшін жаңа паспортқа жаңа виза керек болды. Құтты болсын, жаным!" – деді ол.
Әнші алдағы уақытта Еуропаның қай еліне және қандай мақсатпен бара жатқанын кейінірек айтатынын жеткізді.
"Жақында қай елге бара жатқанымызды және не үшін бара жатқанымызды білесіңдер, – деп жазды Ерке Есмахан.
Айта кетейік, бұған дейін Raim Ерке Есмаханға жаңа iPhone мен үлкен гүл шоғын тосынсый ретінде Астанадағы қонақүйіне жеткізген еді. Әнші смартфонның Дубайдан әкелінгенін айтып, күйеуіне әлеуметтік желіде қалжыңдап жасаған "вызовы" нәтиже бергенін жеткізді.
Ерке Есмахан кім?
Ерке Есмахан – қазақстандық әнші әрі актриса. Ақтөбе облысының Ырғыз ауылында дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға қызығып, домбыра, қобыз және фортепианода ойнауды үйренген. Кейін Ақтөбедегі музыкалық колледжде, одан соң Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында эстрадалық вокал мамандығы бойынша білім алған.
Өнер жолын "Іңкәр" тобында бастап, кейін жеке әнші ретінде танылды. 2012 жылы "Айша бибі" әніне бейнебаян түсірді. Оның белгілі әндерінің қатарында "Асыл арман", "Бал сезім", "Еркемін" және Төреғали Төреәлімен бірге орындаған "Алло" бар. 2017 жылы шыққан "Қайда?" әні де көпшілікке кең тарады.