Malim.kz
Әлем

Қырғызстан ІІМ басшысы қоғамдық жерде темекі шеккені үшін айыппұл арқалады

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін министрге қатысты әкімшілік хаттама рәсімделген. Нәтижесінде оған 3 мың сом (шамамен 17 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

ІІМ өкілдері заң талаптары лауазымына қарамастан барлық азаматқа бірдей қолданылатынын атап өтті.

Желіде тараған видеода министрдің ғимарат кіреберісінде темекі шегіп тұрғаны байқалады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары