Malim.kz
Әлем

Қызыл алаңдағы шеру алғаш рет әскери техникасыз өтпек

Арман Қайыпхан

Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеудегі Қызыл алаңда 9 мамырда өтетін шеруде алғаш рет әскери техника колонналары мен әскери курсанттар қатыспайтынын ресми түрде хабарлады. Бұл шешім Украинаға басып кіру басталған 2022 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр., деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, парад «қазіргі жедел жағдайға байланысты» қысқартылған.

«Жаяу колонна құрамында барлық әскер түрлері мен жеке әскер бөлімшелерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары қатысады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар биыл парадта әскери техниканың колонналары болмайды. Қорғаныс министрлігі мұның себебін де сол «оперативтік жағдаймен» түсіндірді, алайда нақты себептер ашып айтылмаған.

Парадқа суворов және нахимов әскери училищелерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ кадет корпустары да қатыспайды.

Дегенмен авиациялық бөлім сақталады. Қызыл алаң үстімен ресейлік пилотаж топтарының ұшақтары ұшып өтеді, ал Су-25 ұшақтары Мәскеу аспанын Ресей туының түстеріне бояйды деп жоспарланған.

Айта кетейік, соңғы жылдары авиациялық бөлім кейде ауа райына байланысты өткізілмей қалған. Ал өткізілген жылдары ұшақтар саны биылғы жоспардан әлдеқайда көп болған.

Сонымен қатар, Ростелеком-ға жақын дереккөздің мәліметінше, 5, 7 және 9 мамыр күндері Мәскеуде мобильді байланысқа шектеулер енгізілуі мүмкін.

Атап айтқанда, ұялы байланыс толық немесе ішінара бұғатталып, SMS-хабарламалар жіберу шектелуі ықтимал. Сонымен қатар «ақ тізім» арқылы жұмыс істейтін сервистердің де қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін екені айтылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары