ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қоғамда соңғы күндері қызу талқыланып жүрген Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова арасындағы отбасылық жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналисттің сұрағына жауап берген депутат бұл тақырыптың өзіне мүлде қызық еместігін айтып, жеке өмірге араласуды жөн көрмейтінін ашық жеткізді.
"Маған ондай тақырыптар қызық емес. Біреудің отбасылық жағдайына араласу, ақыл айту – менің ісім емес", – деді ол.
Асхат Қанатұлы сондай-ақ қоғамды пайдалы әрі өзекті тақырыптарға назар аударуға шақырды. Оның айтуынша, бүгінде ел алдында талқылануға тұрарлық мәселелер жеткілікті.
"Біздің қоғамда жасанды интеллект, білім беру сапасы, технологиялық даму сияқты талқылауға тұрарлық маңызды тақырыптар бар. Солар туралы айтылған пайдалы подкасттарды көру керек", – деп атап өтті депутат.