Malim.kz
Әлем

Ресей Иран мәселесін дипломатиялық жолмен шешуді талап етті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Мәскеу Иран төңірегіндегі жағдайды шұғыл түрде саяси-дипломатиялық реттеу арнасына қайтаруды талап етеді. Бұл жайлы Ресей СІМ-і мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жағдайды дереу саяси-дипломатиялық реттеу арнасына қайтаруды талап етеміз. Ресей бұрынғыдай халықаралық құқық негізінде, өзара құрмет пен мүдделер теңгерімі қағидаттарына сүйене отырып, бейбіт шешімдерді іздеуге жәрдемдесуге дайын», – делінген ведомство сайтында.

Еске салайық, сенбі күні Израиль мен АҚШ Иран аумағына соққы жасай бастады, бұдан кейін Тегеран жауап шараларын жариялады.

Иран және америкалық БАҚ мәліметінше, ирандық күштердің жауап соққыларының нысанасына Таяу Шығыстағы АҚШ базалары болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары