Ресми деректерге сәйкес, Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар, деп хабарлайды Malim.kz.
Олардың 18-і дипломатиялық миссия қызметкерлері, екеуі студент, ал 70-і «Заркух» зауытында еңбек етеді.
Сонымен қатар, алты қазақстандық Иранда жеке шаруаларымен жүр.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында қаза тапқандар туралы ақпарат тіркелмеген.