Malim.kz
Әлем

Ресей, Украина және АҚШ арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтті

Арман Қайыпхан
Фото: UAE PRESIDENTIAL COURT/AFР

Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің Ресейдің Украинаға басып кіруін тоқтату жөніндегі келіссөздерінің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Жабық отырыс шамамен үш сағатқа созылды.

Бұл — Вашингтон ұсынған бейбітшілік жоспары бойынша ресейлік және украиндық делегациялардың алғашқы тікелей кездесуі.

Хабарларға қарағанда, келіссөздер аяқталған соң ресейлік делегация өз қонақ үйіне қайтқан.

Бұған дейін Абу-Дабиде Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің алғашқы кезеңі болған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары