Malim.kz
Қоғам

Республика бойынша есірткі тәркілеу, фитозертханаларды жою жұмысы жалғасуда

Malim Админ

Биылғы жартыжылдықта Алматы облысы бойынша 1 моннадан аса есірткілік зат анықталып, тәркіленіп алынды. Облыстық полиция департаментінің статистикасына зер салсақ, сегіз есірткі лабораториясының  жұмысы тоқтатылды.

Олардың алтауы есіртетін өсімдіктерді заңсыз өсірумен шұғылданған.  2 зертхана синтетикалық анаша өндіріп келген.  

Облысқа қарасты полиция департаментінің өкілі Б.Бақбергенұлының пікірінше, 2025 жылдың қаңтар айынан бері 100-ден астам есірткіге байланысты заңсыздық мәлім болған. Атап айтқан кезде, нашақорлық заттарға жарнама жасау, оны үлкен мөлшерде сақтау, әзірлеу және сатылымға шығару сияқты қылмыстар тіркелген. Оның ішінде 175 килограмм марихуана мен синтетикалық анаша, 900 кг қарасора, 10 кг-ға жуықтайтын гашиш тәркіленіп алынды. 

Шығыс өңірде де есірткі заттарымен күрес жұмыстары нәтижелі жалғасып жатыр. Облыс бойынша маусым айынан бастап «Қарасора -2025» шарасы аясында 41 құқық бұзу деректері әшкере болды. Жалпы алғанда профилактикалық жұмыс шеңберінде 20 килограмнан аса психобелсенді заттар тәркіленді. Оны таратып, сатқардар да құрыққа түсті.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алумен айналысатын басқарма басшысы Дәулет Жұмаділов мән-жайды бүкпесіз баяндап берді. Табылған заттардың арасында «Альфа - пироллидинопентиофенон» және «мефедрон» тәрізді зиянды есірткіш заттар бар. Күдікті адамдар изоляторға тоғытылып, тергеу жүргізілуде. Тәртіп сақшылары 4 фитолобароторияны жойды. Бұл жерде есірткі өсірілген.

Ішкі істер министрлігі де қоғамға залалы мол өнімдерге тосқауыл қою, жою жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы 5 айы ішінде 1400-ден асып жығылатын қылмыс орын алыпты. 991 факті нашақорлыққа бастайтын заттардың сатылымымен байланысты. 165-і көп мөлшерде есірткі сақтауға қатысты болып отыр.   Жалпы 4 тоннадан асатын тыйым салынған заттар тәркіленгені мәлімделді. Әсіресе бұл бағыттағы қылмыстарды ашуда ғаламтор желісі  оң әсер еткен. 2025 жылдың қаңтарынан бері 16 000 – нан аса есірткі жарнамасын жасайтын сайттарды бұғаттау бойынша сұраныс жасалыпты. Тосқауыл жұмыстары іске асып жатқанымен, «жасырын» хабарландыру сайттарын қолданып нашақорлыққа бастайтын заттарды сату белең алып тұр. «Қaрaсоpa» кешенді опеpaциясы бoйынша 300 заңсыз айналымдар әшкереленіп, қылмыс жасаған 280-ге тарта адам қолға түскен.

Фото: Canva

Malim Админ
Автордың басқа материалдары