Malim.kz
Әлем

Рубио: АҚШ пен Венгрия қарым-қатынасында «алтын дәуір» басталды

Арман Қайыпхан
Фото: Bernadett Szabo / Reuters

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ пен Венгрия арасындағы қарым-қатынаста «алтын дәуір» басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы парламенттік сайлауда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның табысты болуына мүдделі, өйткені Орбанның көшбасшылығы және оның Трамппен жақсы қарым-қатынасы АҚШ үшін аса маңызды. Бұл туралы Рубио Будапештте мәлімдеді.

Рубионың айтуынша, Венгрия мен АҚШ екіжақты қарым-қатынастың «алтын дәуіріне» қадам басты.

Бұған тек екі халықтың жақындасуы ғана емес, сонымен қатар Орбан мен Трамп арасындағы байланыс та ықпал етіп отыр.

Венгрия премьерімен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Рубио Вашингтон қажет болған жағдайда Будапештке қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Венгриядағы парламенттік сайлау 2026 жылғы 12 сәуірге белгіленген. Соңғы сауалнамаларға сәйкес, Орбанның ФИДЕС партиясы оппозициялық оңшыл-центристік «Құрмет пен бостандық» (TISZA) партиясынан, оның жетекшісі Петер Мадьярдан кейін қалып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары