Malim.kz
Қоғам

“Сабыр сақтадым”: Серік Сәпиев мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі, - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар ақпарат көздерінде Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің соққыға жығылғаны туралы мәлімет тараған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары