Malim.kz
Қоғам

Салық берешегін кепілдіксіз бөліп төлеуге рұқсат беріледі

Айбын Атабай
pexels

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салық берешегінің шекті сомасын неге көтергендерін айтты. 

 Жаңа Салық кодексінде 1,5 мың айлық есептік көрсеткішке (шамамен 6,5 млн теңге) дейін берешегі бар салық төлеушілерге кепілге мүлік қоймастан және банктен кепілдік алмастан 1 жылға кейін қалдыру арқылы бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі.

Бұл бюрократияны азайтып, кепілді бағалау мен сақтандыру шығындарын жояды, бөліп төлеуді ресімдеу мерзімдерін қысқартады.

Көлденең мониторингке қатысушыларға да 12 айға дейін кепілсіз және кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі, — деді ведомство басшысы.

Ал өндірушілер мен дайын өнімге арналған тауар импорттаушылар қосылған құн салығын бір жылға дейін кейінге қалдыра алады.

— Салық төлеушілерге қолайлы болу үшін Қаржы министрлігінің сайтында жаңа Салық кодексі бойынша өзекті «Топ-100 сұрақ-жауап» айдары ашылған, — деді Мәди Такиев.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары