Malim.kz
Қоғам

Санжар Боқаев екі айға қамалды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

19 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты саясаттанушы әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаевты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы адвокат Диас Ахметовтің сөзіне сілтеме жасап журналист Вадим Борейко хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Бокаевтың жақын туыстары кепілгер болуға дайын болған, алайда сот бұл ұсынысты ескермеген. Қазіргі таңда ол Алматыдағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отыр.

Бұған дейін Санжар Боқаевтың не себепті ұсталғаны туралы жазған едік.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары