freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату бойынша ұсталды

Құқық
Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату бойынша ұсталды
Санжар Боқаевтың жеке архивінен

Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Санжар Боқаев  аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу