Алматы әуежайында шетел азаматтарының есірткіні косметика құтыларына жасырып, Қазақстанға заңсыз алып кірмек болған әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz, Informburo31-ге сілтеме жасап.
Кеден қызметінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген рейстерді тексеру барысында есірткіні елге заңсыз әкелудің үш дерегі анықталған.
Жолаушылардың жүгін тексеру кезінде косметикалық өнім ретінде жасырылған марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы табылған.
Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 32 келіден асқан.
Қазіргі уақытта іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.