Malim.kz
Әлем

СІМ: Ливаннан 41 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Malim Админ

Таяу Шығыста шиеленістің өршуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялау тапсырылған болатын. Нәтижесінде, 17-31 қазан аралығында 41 ел азаматын әскери қақтығыс аймағынан Қазақстанға қайтару операциясы жүзеге асырылды. 

-    Қазақстанға қайтару Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде, 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді, - делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болды. Израиль бір тәулікте Ливаннан 90 зымыран ұшырылғанын мәлімдеді. 

Фото: gov.kz
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары