Malim.kz
Қоғам

"Соңғы кездесуі еді..." – Асанәлі Әшімовтің жары актердің еш жерде жарияланбаған видеосын көрсетті (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке жылу сыйлайтын естелік жазбасын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазбаға тіркелген видеода Атырау қаласында өткен Асанәлі Әшімов пен белгілі композитор Ілия Жақановтың кездесуінен әсерлі сәттер көрсетілген. Кадрлардан қос алыптың өнер мен өмір төңірегінде терең ой бөліскені аңғарылады.

"Қос Магикандардың соңғы кездесуі. Атырау қаласында жақсы шер тарқатар кеш болып еді. Айтар әңгімелеріңіз көп еді... Әттең", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында қайтыс болды. 

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары