Malim.kz
Қоғам

Соңғы қоңыраудан кейінгі кортеж: Түркістанда бірнеше жүргізуші жазаланды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Кентау қаласында бітіруші түлектер ұйымдастырған заңсыз автошеру полиция назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде BMW, Toyota, Mercedes-Benz, Changan, Chevrolet және Hyundai көліктерінің жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамаған, қауіпсіздік белдігін тақпаған және маневр жасау ережелерін бұзғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері түлектер мен олардың ата-аналарына жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілмеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары