Malim.kz
Спорт

«Соттасуым мүмкін»: Жансая Әбдімәлік Бібисара Асаубаева тарапынан айыптау болса не істейтінін айтты

Сабина Асқарқызы
Sports.kz

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Кана Бейсекеевтің YouTube арнасына берген подкастында әріптесі Бибісара Асаубаеваға қарсы сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Шахматшылар арасындағы келіспеушілікке байланысты олар бұған дейін бірнеше рет көпшілік алдында өзара сөзге келіп қалған еді. Сұхбат барысында Жансая егер Асаубаевамен тағы да жанжал туындайтын болса, сотқа жүгінетінін алға тартты.

«Қақтығыстар болған кезде айтатын нәрсем болса да көп сөйлемедім. Бірақ егер болашақта мұндай жағдай тағы қайталанатын болса, бірден сотқа жүгінеміз деген ойда қалдым. Өйткені оның мен туралы әрдайым айтып жүрген жаласы... оны қалай атауды да білмеймін. Бұл енді қазір күлкілі жағдайға айналды. Тіпті қандай да бір тәуелділік сияқты. Мен үш жылдан бері шахматта жоқпын. Бірақ әлі күнге дейін бірдеңе айтылып жатады», - деді шахматшы.

Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева арасындағы текетірес 2021 жылдың шілде айында ФИДЕ өткізген әлем кубогы кезінде басталған. Сол кезде Асаубаева тай-брейкте жеңіске жеткен еді.

Алайда жанжал 2022 жылдың жазында, Асаубаева шахмат федерациясының басшылығына қатысты «үш миллиард» туралы мәлімдеме жасағаннан кейін күшейе түсті. Алайда бұл айыптауларды Жансая Әбдімәлік үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Жанжалдың жаңа толқыны 2023 жылдың наурыз айында Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при кезеңі кезінде тағы жалғасты. Турнирді ұйымдастыру жағдайының төмендігіне байланысты Жансая жарыстан бас тартқаннан кейін, Асаубаева оны эгоизм тұрғысында айыптаған еді.  

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары