Malim.kz
Қоғам

ШҚО-да ер адам бұрынғы әйелін үш ай бойы аңдыған

Айбын Атабай
Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрын бірге тұрған әйелінің соңынан түсіп аңдығаны үшін жазаланды, деп хабарлайды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Malim.kz.

Облыс орталығының тұрғыны үш ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін заңсыз аңдып, телефон соғып, балағаттау мен қоқан-лоқы көрсетілген хабарламалар жіберген, сондай-ақ оның мүлкіне — автокөлігіне зақым келтірген.

Айыпталушының әрекеттері сталкинг және мүлікті жоюмен қорқыту ретінде сараланды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оның екі эпизод бойынша да кінәсін толық дәлелдеді.

— Соттың заңды күшіне енген үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, абаттандыру және аумақтарды тазалау жұмыстарына тарту арқылы 160 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды, — делінген хабарламада.

Прокуратура органдары жеке тиіспеушілікке қол сұғушылық және осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы туралы ескертеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары