Malim.kz
Әлем

Шұғыл! АҚШ сенатына Гренландияны аннексиялау туралы заң жобасы ұсынылды

Ереке Базарқұл
ФОТО: ©NBC News

АҚШ Конгресінің төменгі палатасына «Гренландияны аннексиялау және штат мәртебесін беру туралы» заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы Meduza басылымы хабарлайды.

Құжатты Республикалық партия атынан Өкілдер палатасының мүшесі Рэнди Файн дайындаған.

«Бұл заң жобасы президентке Гренландияны қосуға қажетті қаражатты табуға мүмкіндік береді», –

деп жазыпты Файн X әлеуметтік желісінде.

«Қарсыластарымыз Арктикада өз ықпалын күшейтуге тырысуда, біз бұған жол бере алмаймыз», –

деп, ол Ақ үй риторикасын қайталады.

The Hill басылымы таратқан баспасөз мәлімдемесінде Файн:

«Гренландияны кім бақылайды – сол Арктикадағы негізгі теңіз жолдарын және АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін архитектураны бақылайды», –

деп атап өтті.

Заң жобасы АҚШ президенті Дональд Трампқа Гренландияны Америка Құрама Штаттарының территориясы ретінде «иелену үшін қажетті кез келген шара қабылдау» өкілеттігін береді, оның ішінде - аралды аннексиялау құқығы да қарастырылған.

Бұл заң жобасын Өкілдер палатасының күн тәртібіне шығаратыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны иемдену қажеттігін Ресей мен Қытай тарапынан төнетін қауіппен бірнеше рет негіздеген болатын. Алайда Financial Times жазғандай, Солтүстік Еуропа дипломаттары Трамптың Гренландия маңында ресейлік немесе қытайлық кемелер жүргені туралы мәлімдемесін растаған жоқ.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары