Танымал әнші Медеу Арынбаев соңғы уақыттары қоғамда болған шулы тақырыпқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
"Естідім бәрін, керек емес еді негізі. Әрине, отбасылық мәселе – өзінің жеке өмірі. Бірақ сен тұлға болсаң, өнер деген елдің атынан шығып жүрсің бе – оның бәрін абайлау керек. Оның жауапкершілігі болу керек. Жауапты қарау керек. Белгілі тұлғалардың өмірбаяны бірінші ретте талқыға түседі. Өзің айтпақшы, ол идеологиялық тәрбиелік мәні бар. Осындай жағдайларға абай болу керек. Өнердегі әріптестеріме айтарым – мұндай мәселелерді шығармау керек. Шығарсаң да, оның бәрін жасыра алмайсың. Тек жарияламау керек", – деді Медеу Арынбаев.