Malim.kz
Қоғам

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан күдікпен әйел ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келіні құрайтын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ одан есірткіні өлшеп, орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді.

Бұдан бөлек, күдіктінің жалдап тұрған пәтерін тінту барысында әрқайсысының салмағы бес грамнан болатын 32 орама синтетикалық есірткі анықталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және оны тарату арналарының жолын кесу жұмыстары тұрақты негізде жалғасатынын мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары