Malim.kz
Қоғам

Тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

• Арман Қайыпхан

Қонаев қаласында «ProfitЦентр» микроқаржы ұйымы заңбұзушылықтарға байланысты лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

«Лицензиядан айыруға негіз болған – заң талаптары мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзу», – делінген хабарламада.

Енді компания 30 күн ішінде қайта тіркеу рәсімін жүргізіп, атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді және микрокредит беретін заңды тұлға екенін білдіретін сөздер мен қысқартуларды алып тастауы тиіс. Сондай-ақ ұйым қайта ұйымдасу немесе таратылу туралы шешім қабылдауы керек.

Сонымен қатар, ұйым клиенттері бұрын жасалған шарттар негізінде микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындауға тиіс.

Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары