Malim.kz
Қоғам

Таразда балабақша тәрбиешісі аутизмі бар бүлдіршіннің қол-аяғын байлап тастаған

Айбын Атабай
Фото: видеодан скрин

Тараздағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші аутизмі бар баланың қол-аяғын байлап, төсекке жатқызған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда баланың қол-аяғы байланған күйде төсекке жатқызылғаны көрінеді. Кейін бала қарсылық танытып, төсектен құлап түскен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Баланың қазіргі жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары