Malim.kz
Қоғам

Таразда қызды ұрламақ болған күдіктілер қамауға алынды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Таразда аялдамада қыз баланы ұрламақ болған ағайындыларға бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар оқиға болғаннан кейін дереу «ізін суытпай» ұсталған.

Тергеу сотының төрайымы Раушан Исмаилованың айтуынша, күдіктілерге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Оларға кәмелетке толмаған баланы ұрлауға оқталу бабы бойынша айып тағылды (ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы). Аталған баптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салсақ, Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары