freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетуге оқталған

Құқық
Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетуге оқталған

Таразда ер адамдар 13 жастағы қызды көлікке күштеп отырғызып, алып кетуге әрекеттенген. Оқиға 16 ақпанда күндіз аялдаманың маңында болған. Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Видео Instagram желісіндегі taraz_life парақшасында жарияланған. Жазбаға пікір қалдырған оқырманның айтуынша, аялдамада тұрған ер адам араша түсіп, олардың әрекетіне кедергі келтірген. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бейнежазбаны қыздың әкесі бақылау камерасынан алған. Жазбаны көріп отырып, ол қызымен байланысып, болған жағдайды нақтылаған. Видеода сол әңгіменің кей тұсы да естіледі. Қыздың айтуынша, ер адамдардың бірінің басында ақ түсті бас киім болған.

Тараз қалалық полициясы қызды ұрлауға талпынған күдіктілердің "ізін суытпай" ұсталғанын мәлімдеді.

"Полицияға автокөлікпен аялдамада тұрған қызды екі ер адамның алып кетуге әрекеттенгені туралы хабарлама түсті. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір болған жайттың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция балалардың қауіпсіздігіне кез келген қолсұғу ерекше бақылауда екенін және қолданыстағы заңнама аясында қатаң тоқтатылатынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу