Malim.kz
Әлем

Time Трамптың сынынан кейін журнал мұқабасын ауыстырды

• Арман Қайыпхан

АҚШ президенті Дональд Трамп журналдың алғашқы мұқабасын «ең сәтсіз фотолардың бірі» деп атаған соң, Time басылымы мұқабасын өзгертті, деп хабарлайды Malim.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.

Трамп алғашқы нұсқадағы суретке наразы болған.

«Менің шашым “жоғалып кеткен”, ал төбемде кішкентай, жүзіп тұрған тәжге ұқсас бірдеңе пайда болыпты», – деп шағымданған еді ол.

Нәтижесінде журнал жаңа мұқаба шығарды. Онда президент Ақ үйдің Овал кабинетінде, қолын иегінің астына қойып, тура қарап отыр.

Сондай-ақ мұқабадағы жазу да өзгерген. Бұрынғы «Оның триумфы» деген сөздің орнына енді «Трамп әлемі» деп жазылған.

Фото: Time журналы

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары