Қасым-Жомарт Тоқаев «Тазару күніне» орай үндеу жасап, халықты тазалық эстафетасына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін елімізде «Таза Қазақстан» жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды.
«Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді», - делінген Тоқаевтың үндеуінде.
Айтуынша, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады.