Malim.kz
Әлем

Трамп “BBC”-ді сотқа беретінін айтты

Арман Қайыпхан
Фото: Reuters / AFP via Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Air Force One бортында журналистерге берген сұхбатында өз сөзін бұрмалап монтаждағаны үшін BBC медиакомпаниясына қарсы сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, талап арыздың сомасы 1–5 млрд доллар аралығында болуы мүмкін.

Трамптың адвокаттары бұған дейін де компанияны 1 млрд долларлық талап қоюмен қорқытқан еді.

Дауға себеп болған деректі фильм — “Трамп: второй шанс?”, ол АҚШ-тағы 2024 жылғы президенттік сайлау қарсаңында эфирге шыққан. BBC фильмі 2021 жылдың 6 қаңтарында айтылған Трамптың үш бөлек сөзін біріктіріп монтаждаған. Бұл көрерменге сол күнгі Капитолийге шабуыл кезінде Трамп өз жақтастарын зорлыққа үндегендей әсер қалдырған.

Ақ үй BBC-ді жалған ақпарат таратуға айыптады. Медиакомпания Трамптан кешірім сұрағанымен, өтемақы төлеуден бас тартты, мұндай айыптауларға негіз жоқ екенін айтып. Дау-дамайдың өршуі нәтижесінде BBC бас директоры Тим Дэйви мен жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс отставкаға кетті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары