Германия Қарулы күштерінің (бундесвер) құрамындағы 15 әскери қызметкер Гренландиядан жексенбі, 18 қаңтарда, кері қайтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп Германияны Данияны қолдағаны үшін баж салығымен қорқытқан мәлімдемесінен бір күн өткен соң болды. Әскерилердің кеткенін бундесвердің жедел қолбасшылығы растады.
Берлин миссияның мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жоққа шығарды.
Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі барлау миссиясы жоспарға сәйкес аяқталғанын мәлімдеді.
«Барлау тапсырмасы өз нәтижесін берді, қазір Германияда оның қорытындылары бағаланып жатыр», – деді ол.
Министрлік миссияның мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Неміс әскерилері алдымен Рейкьявик қаласына ұшып, одан кейін Копенгагенге аттанатыны хабарланды.
Deutschlandfunk радиосының еске салуынша, бұған дейін Германия Қорғаныс министрлігі бундесвердің Гренландиядағы барлау миссиясы 15–17 қаңтар аралығында өтетінін айтқан. Алайда сенбі күні миссияның нақты ұзақтығы алдын ала белгіленбегені нақтыланған.