Malim.kz
Қоғам

Түркістан облысында бір үйдің 7 тонна шөбі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Мәди Саматұлы

Оқиға бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында болған. Ондағы жеке тұрған шаруашылық құрылыстың шатыры мен 7 тонна жиылған шөп өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өрт сөндірушілер мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде 25 шақырым жолды еңсеріп, 230 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, деп мәлімдеді ТЖМ.

Фото: скриншот

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары