Malim.kz
Қоғам

Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқан Мөлдір Мұқанова айыппұл арқалады

Қайсар Қанат
Ашық дереккөзден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Белгілі блогер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ресми мәліметке сәйкес, Мөлдір Мұқанова (Instagram парақшасы – Moldir.mt, жазылушылары 2,3 миллионнан асады) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Осы жылдың қазан айында ол 589 800 теңге көлемінде (150 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл төлеген.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова – бұл бап бойынша жазаланған жалғыз медиа тұлға емес. Бұған дейін, сәуір айында блогер Дархан Жолшыбек (жазылушылары 3,1 миллион) дәл осындай құқықбұзушылық үшін 393 200 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл төлеген болатын.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары